Азиада-2018: Қазақстан қоржынына бесінші алтын медаль түсті

442
© twitter.com/asiangames2018

Джакартада (Индонезия) өтіп жатқан 2018 жылғы Азия ойындарында қазақстандық Руслан Исраилов джиу-джитсудан алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Vesti.kz.

77 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша турнирдің финалында Исраилов Қырғызстан спортшысынан басым түсті. Қазақстан үшін бұл медаль 39-ншы және бесінші алтын медаль. Құраманың қоржынында тағы жеті күміс пен 27 қола жүлде бар.