Жайлаудан жылқы ұрлағандар ұсталды

389

Ағымдағы жылдың 18 тамызында Төлеби АІІБ кзекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданды, онда түнде белгісіз тұлғалар жайлаудан жылқысын ұрлады деп көрсетілген. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын 350 мың теңгеден асып отыр. Аталған жайт ҚР ҚК «ұрлық» бабы бойынша СДТБТ-не тіркелген.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Төлеби АІІБ полицейлері күдікті ретінде жергілікті тұрғынды ұстады. Мал ұрлығы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер ұсталған азаматтың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы барын анықтауда.

Тәжірбиелер көрсеткендей, көп жағдайда мал ұрылары жайлаудан малды қараусыз қалдырып кеткен тұрғындардың ұқыпсыздығын пайдаланып, алып кетіп отырған. Малы жоғалған иелер уақытылы полиция көмегіне жүгінбей өз беттерінше ізденеді.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға өз мүлкінің сақтығын қамтамысыз етуде сақтық шараларын қолдану керектігін ескертеді. Малды қараусыз жайлауда, үй ауласында қалдырмаған жөн. Шаруашылық жайларды сенімді құлыптар мен қоршаулармен бекіту керек. Сондай-ақ мал иелеріне малдарға ен тағып, белгі қойып, мүмкіндігінше малшы жалдаған жөн.

Түркістан облысы ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы