Úı ANONS 80 бас мал ұрлаған екі күдікті ұсталды

80 бас мал ұрлаған екі күдікті ұсталды

Шымкентте 80 бас мал ұрлаған екі күдікті ұсталды. Олар өздері жұмыс істеген шаруашылықты тонаған. Қылмысты жасырын жүзеге асыру үшін күдіктілер бірнеше рет электр қуатын өшіріп, бейнебақылау камераларын істен шығарыпты. Нәтижесінде қожалыққа 25 миллион теңге көлемінде шығын келген. Алайда полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында ұрланған мал толықтай табылып, иесіне қайтарылды.

ҚУАТ АСҚАРҰЛЫ, ШЫМКЕНТ ҚПД АБАЙ АПБ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Мал ұрлығы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізілген жедел іс-шаралар нәтижесінде ірі қара мен ұсақ малдар иесіне қайтарылды. Ұсталған екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізілуде»

Лаура Бабас