Оқ атқан күдікті сот залынан босатылды

353

Өз үйінде жатқан адамды шақырып алып, көліктен оқ жаудырған. Сотталушы Руслан Аббасов жәбірленуші Әлиасқар Нәбиевтің автомобиліне «Сайга» мылтығынан бірнеше рет оқ атып, жәбірленушіні аяғынан жарақаттаған.

 

Бірінші сот сатысы Аббасовтың бұл әрекетін «адамға орта дәрежеде жарақат салу» деп бағалап, екі жылға бас бостандығынан айырған болатын. Жәбірленуші тарап апелляциялық шағым келтірген. Бүгін облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасының шешімімен сотталушы сот залынан босатылды. Сөйтіп бірінші сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды. Ұлын жарақаттаған адамның түк болмағандай бостандықта тайраңдауына әкесі келісе алмай, ҚР Жоғарғы сотына шағымданатындығын айтып, бекініп отыр.

Халис Нәбиев, жәбірленушінің әкесі: «Мұндай жағдай тек Шымкентте ғана болуы мүмкін. Төбелескендерді 4-5 жылға соттап жатады. Неге адамға оқ атқан адам бостандықта жүруі керек?! Мен ҚР Жоғарғы сотына барып, әділдік іздейтін боламын».

 Бұл даудың басы екі әулет арасындағы дүрдараздықтан бастау алыпты. Сотталушы мен жәбірленушінің де арасындағы кикілжің қарудан оқ атумен аяқталған.

Жанар Есенбекова