Úı ANONS Шымкентте 7 мыңнан астам зейнеткер шипажайға жолдама алды

Шымкентте 7 мыңнан астам зейнеткер шипажайға жолдама алды

Биыл Шымкентте 7 мыңнан астам зейнеткер шипайжайға жолдама алды. Оның ішінде  «Ізетті зейнеткер» сауықтыру кешенінде биыл 2 332 зейнеткер емдік-сауықтыру қызметін алған. Олар дәрігерлердің  тағайындауына сәйкес электромагнитті терапия, сумен емдеу, дәрілік шөптерден дайындалған фитошайлар ішіп, өздеріне күтім жасайды. Мұнан өзге, қандай қызметтер бар?

Абдрахман Байжарқынов Шымкент қаласының тұрғыны. Ол жұбайымен бірге мемлекеттің қолдауымен екінші рет жолдаама алып, шипажайда ем алып жатыр. Айтуынша мұнда жасалатын ем-домдар, көрсетілетін қызмет түрі көңілден шығады. Сонымен қатар, алысқа арқаланып бармаймыз деп отыр.

Демалушылар күніне төрт мезгіл арнайы әзірленген ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Таңғы уақытта емдік дене шынықтыру ұйымдастырылады. Бұдан бөлек, кешенді тренажерлар, пресске арналған үстел, ескек жаттықтырғышы, турник секілді құралдар пайдаланылады. Сонымен қатар, тұз шахтасы бар. Бұдан бөлек, намазхана, кітапхана сынды арнайы бөлмелерде қарастырылған.

НҰРЖАН АСАНОВ, «ІЗЕТТІ ЗЕЙНЕТКЕР» КММ ДИРЕКТОРЫ: «geo-shym.kz порталы арқылы зейнеткерлеріміз электронды кезекке тұрады. Сондай-ақ, мобильді орталықтар арқылы да тіркеле алады. 10 күн ем дом шараларын тегін қабылдайды. Мемлекеттік мекеме. Өздеріңіз көргендей 25 қызмет түрі бар. Қала әкімі келіп кетті. Жалпы есебімізде зейнеткерлер көптігіне байланысты, алдағы уақытта 120 орындық қосылып ашылады деген эоспар бар. Ол кезде, 7 мыңға жуық  зейнеткерлерге қызмет көрсетеміз деген ой бар».

«Ізетті зейнеткер» сауықтыру кешенінде биыл 2 332 ардагер емдік-сауықтыру қызметін алып үлгерген. Ал, жалпы, жыл басынан бері қала бойынша 7 282 зейнеткер санаторлық қызметпен қамтылған.

Нұргүл Жолымбетова