«Нұрсәтте» көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты

175

Шымкенттегі «Нұрсәт» шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты. 101 қызметіне хабар келіп түсісімен өрт сөндірушілер аталған аумаққа аттанды.

Төтеншеліктер оқиға орнына жетісімен көпқабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтердегі өртті ауыздықтап үлгерді. Тілсіз жаудың өзге пәтерлерге де залалын тигізуіне жол бермеді. Өрт салдарынан пәтердегі бала зардап шекті. Жедел жәрдеммен тез арада ауруханаға жеткізілді.