Өңірде, «Protecting Business and Investments» жобасы аясында инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге тағы 3 кәсіпорын ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен екі жақты келісімге қол қойды.
Жобаның мақсаты – қолайлы инвестициялық ақуал қалыптастырып, мемлекеттік билік институттарына бизнес пен инвесторлардың сенімін нығайту болып табылады.
Атап айтқанда, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «Azala Cotton» ЖШС-і 7 070 000 000 теңгені, теңгені және «АГФ Групп» ЖШС-і 251 000 000 теңгені құрайтын Инвестициялық жобалар.
Осымен Департамент жалпы 6 келісімге қол қойып, сүйемелдеу жобалар сомасы 11 506 000 000 теңгені құраған.
Департамент басшысы Әли Амантайұлы өз сөзінде, Жобаға қатысуға қызығушылық танытқан инвесторларға Қазақстан аумағында аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат сыбайлас жемқорлық деректерінен 100 % қорғауға кепілдік берілетіндігін жеткізді.
Сонымен қатар, кәсіпкерлерді әкімшілік кедергілерден дер кезінде алдын алу үшін, өңірдегі барлық мемлекеттік органдардың Департаментпен тікелей әрекеттесетін жауапты мамандары бекітілген арнайы анықтама кітапшасы дайындалғандығын атап өтті.
Сондай ақ, «Protecting Business and Investments» жобасымен келісімге тұруға ниет білдірген инвесторлар үшін Департамент тарапынан «WhatsApp» (+7702 201 51 51), 51-51-51 сенім телефондары мен memkyzmet.kz сайтында ашылған «Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сүйемелдеу» айдары жұмыс жасайды.