Бүгін Шымкентте қоғамдық көліктердің 72 пайызы ғана бағытқа шықты

301
Қоғамдық көлікке кедергі жоқ, жолдар тазалануда

Бүгінгі ауа райы жолаушылар тасымалымен айналысатын көлік компанияларына үлкен сабақ болды дейді Шымкент қалалық диспетчерлік қызметі орталығының мамандары.

Айтуларынша, таңертең сағат 6:00 мен 10:30 аралығында бағытқа автобустардың 72 пайызы ғана шыққан.

Сайын Бекаманов, «ДҚО» ЖШС- нің инженері: “Бүгін таңертең 1100 — ден астам автобус жолаушы тасымалдауға шығуы тиіс болатын. Бірақ 900 — ге жуығы ғана шықты”.

Бұл — орталыққа автоматты бақылау арқылы түскен мәлімет. “Ол да толық емес” дейді салаға жауапты мамандар. Себебі, бүгінде шымкенттік автобустардың тек 50 пайызы ғана ЖПС қондырғыларымен жабдықталған.

Ол дегеніміз қоғамдық көліктердің қалған 50 пайызын бақылау мүлдем мүмкін емес. Сол себепті қоғамдық көлік саласында жүйелейтін және атқарылатын жұмыстар әлі қыруар.

Нұрлан Күдерұлы