Шымкентте «Магнум» гипермаркеті ашылды

941

Шымкентте сауда орындарының саны артты. Тұңғыш президент күніне орай «Магнум» гипермаркеті ашылды. Әйгілі сауда брендінің жаңа нүктесі «Бекжан» базары аумағында орналасқан. Алғашқы күні-ақ жүздеген адам сауда үйіндегі тауарлар таңдауына тәнті болып, қолайлы бағамен сауда жасады.

Бұл еліміздегі «Магнум» сауда жүйесінің 40-шы дүкені. Жаңа гипермаркеттің ашылуын жергілікті халық есік алдында тағатсыздана күтті. Сауда жүйесінің басшылары дүкенді осы аумақтан ашудың өз себептері бар дейді.

Азамат Османов, «Magnum Cash & Carry» cауда жүйесі басқармасының төрағасы:
«Біз осылайша өз клиенттерімізге жақындай түстік. Бұл шағынауданда ірі сауда нүктесі жоқ. Елімізде өркениетті жағдайдағы бөлшек сауданың болашағы зор. Халық сапалы қызметті талап етеді. Шымкентте базарлардың үлесі әлі де қомақты. Сондықтан заманауи талапқа сай бөлшек саудаға сұраныс көп. Біз клинеттеріміздің сұранысын қанағаттандырып отырғанымызға қуаныштымыз».

«Бекжан» сауда үйіндегі жаңа гипермаркеттің аумағы 4000 шаршы метрді алып жатыр. Мұнда халыққа 350 адам қызмет көрсетеді. «Магнумның» өзге де сауда қатарларындағыдай мұнда да тауарлар таңдауы кең.

Сауда сөрелерінде 20 мыңнан аса тауар түрі ұсынылып отыр. Ал алғашқы клиенттер сауда нүктелеріндегі ыңғайлы жағдай мен қызметкерлердің сыпайылығына тәнті.

Тұтынушы: «Мен бұл дүкеннің ашылатынын осыдан біраз уақыт бұрын естігенмін. Ашылуын көп күттім. Залдар үлкен, тауарлар көп, жеңілдіктер мол. Клинеттердің емін-еркін сауда жасауына барлық жағдай жасалған. Мұндай сауда орны жоқ еді біздің шағынауданда».

Қала тұрғыны: «Магнум» сауда үйінде бағалар төмен. Өзге дүкендердегі бағалармен салыстырғанда қолжетімді. Көптеген тауарларға жеңілдіктер қаралған. Осындағы халыққа ыңғайлы болып қалды. Бұрын сауда-саттық жасау үшін қала орталығына қатынайтынбыз».

«Магнум Кеш энд Керри» компаниясының өкілдері «біздің мақсат – клиенттерге ыңғайлы жағдай жасап, қолайлы бағаны тұрақты ұстау» дейді. Төмен бағаларды тұрақты ұстауға жергілікті тауар өндірушілермен жасалатын келісімшарттардың да маңызы зор. Тауарлардың қолжетімділігі де келушілерді қызғушылығыны арттырады.

Курбан Хасбулатов, «Magnum Cash & Carry» сауда жүйесінің маркетинг бойынша директоры: «Біздің сауда жүйемізде түрлі акциялар ұйымдастырылады. Жақында жаңа жылдық акция басталады. Қомақты жеңілдіктер қарастырылуда. Сондықтан өз клиенттерімізді осынау шаралардан қалыс қалмауға шақырамыз».
Алдағы уақытта елімізде «Магнум» сауда жүйесінің дүкендері көбейетін болады. Оның бірнешеуі Шымкентте ашылмақ.

Мақпал Рысбаева