Жанармай арзандады

290
sputniknews.kz

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Алматыда АИ-92 маркалы бензиннің арзандау себебін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Қазір Қазақстанда бензиннің артылып қалып жатқаны байқалуда. Қаңтардан бері осылай», — деді министр үкімет кулуарында.

Айтуынша, Шымкенттің мұнай өңдеу зауытында, жалпы елде тауардың артылып, барлық резервуардың толып қалу қаупі туындаған. Сондықтан МӨЗ-дің жүктемесі төмендетілген.

Сондай-ақ, Бозымбаев Алматыда жанар-жағармай бағасының төмендеуі – нарық реакциясы екенін атап өтті.

«Қазіргі таңда бензин бағасы реттелмейді. Шамамен 150 теңге шамасында қалады деп болжап отырмыз», — деді министр.

Айта кетсек, бүгін бірқатар БАҚ Алматыда бензин арзандағанын хабарлаған еді.