Жылыту бекеттеріне бірде бір жолаушы келмеген

365

Төтеншеліктер Созақ ауданындағы жылыту бекеттерін бақылаудан өткізді. Жалпы Түркістан облысында 11 жылыту бекеті бар. Оның 7 республикалық тас жолда орналасқан.

Негізі мұндай бекеттер жол үстінде қиын жағдайға кезіккен жүргіншілер үшін аса қажет. Әдетте ауа-райы салдарынан сапарын тоқтатуға тура келетін жолаушылар жылыту бекеттерін паналайды.

Осы аптада уақытша қоныс орындарының жағдайын төтенше жағдай қызметкерлері тексеруден өткізді. Ал, уақытша қоныс жағдайын бөлім мамандары жеткізді.

Айтуларынша, Созақтағы бекет бір сәтте 30 жолаушыны қабылдай алады. Келеңсіз жағдай туа қалғанда жолаушылар азықсыз да қалмайтын болып шықты. Келушілер үшін шай мен нан да күн сайын табылады.

Биылғы қыстың жайлылығына байланысты бекетке жолаушылар келмеген. Сондай-ақ, төтеншеліктер жүздеген тонна құм мен тұзды да үнемдеген.

Назерке Үкібасова