Әкімдер партаға отырды

300

Дәл осы дағдыларды жан — жақты талқылау үшін Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Түркістан облысы бойынша филиалында Түркістан облысының қала, аудан әкімдерінің қатысуымен «Өңірлік дамуды трансформациялау» тақырыбындағы семинар — тренинг басталды.

Әкімдердің білімін жетілдіру бағытындағы 2 күндік оқыту ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнің Түркістан облысы бойынша Департаментінің қолдауымен филиалда алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Семинардың негізгі мақсаты — әкімдердің халықпен өзара іс-қимыл жасауы мен қатар, заманға сай көшбасшылық дағдыларын дамытып, трансформациялық ойлаудың жаңа мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

Тыңдаушыларға дәріс — тренингтерді Әдеп жөніндегі Кеңес төрағасы Ғ.Тұрсынбаев, Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ә.Өмірәлиев, мемлекет қайраткері, жобалық менеджер А.Евниев, мемлекеттік басқару магистры, жобалық аналитик А.Идрисова және Түркістан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы басшысының орынбасары К.Азатбеков өткізетін болады.

Дәріс берушілер мемлекеттік басқару жүйесіндегі жаңа міндеттер, стратегиялық менеджмент және бағдарламалық құжаттар, инновациялық мемлекеттік қызмет және трансформациялық көшбасшылық, басқару технологиялары: жобалық менеджмент және мемлекеттік басқаруды цифрландыру мазмұнында оқыту өткізеді.
Жалпы 20 сағаттық семинар нәтижесінде Түркістан облысындағы өңірлік даму мәселелерін шешуді көздейтін жобалар әзірленетін болады.

Айта кетсек, мұндай оқытулар алдағы уақытта ауылдық округ әкімдерін де оқыту жоспарлануда.