Күнгейде су басу қауіпі жоқ

407

Толассыз жауған жауын, су деңгейін көтеріп жіберу қаупі бар. Десе да, сала мамандары өңірімізде су басу қауіпі жоқтығын айтып сендіріп отыр. Бүгін «Қазгидромет» қызметінің Түркістан облысындағы филалы басшысы мамандармен бірге Төлеби ауданындағы Тасарық ауылындағы гидробекетте болып, Сайрам су өзенінің деңгейін тексерді.

Таудағы қардың еруі және де жауын шашынның тоқтамай тұрғанын ескеріп, бақылаушылардың жұмысын күшейтілген режимге көшірді.

Төлеби ауданындағы Сайрамсу өзеніндегі судың деңгейі әр екі сағатта өлшеніп жатыр. Төтенше жағдайды алдын алу мақсатында “Қазгидромет” қызметінің өңірдегі басшылығы да назар ұстап отыр.

Бастауын таудың бұлақтары мен еріген қардан алатын өзеннің бойындағы гидробекет бақылаушысы Қайрат Жүнісов тиісті өлшемдерді жиілеткен. Қазір қар көшкіні мен жауын көп сондықтан да су деңгейі ауытқып жатқанын жасырмайды.

Бұл жолғы өлшем судың деңгейі 4 см. деп көрсетті. Мамандар өзеннің қыр көрсеткен кезін де түсірілім барысында еске алды. 1926 жылы мамырда іске қосылған бұл гидробекет соғыс жылдары да жұмысын тоқтатпаған. 1958 жылы өзендегі судың деңгейі секундына текше метрді құраған. Осыдан екі жыл бұрын да деңгейі көтеріліпті.

“Қазгидромет” қызметінің Түркістан облысы бойынша филиалының мәліметіне жүгінсек бүгінде өңірдегі 19 өзенде 27 гидробекеттерде бақылаушылар судың деңгейін бақылауда. Сонымен қатар Шардара су қоймасындағы бекетте қоймадағы судың көлемі анықталып тұрады.

Көктем мезгілінде гидрологтар күшейтілген жұмыс кестесіне көшкен. Гидробекеттерден түскен мәліметтер қазгидромет қызметінде жинақталып, облыстағы өзендердегі жағдай үнемі бақылауда болады.

Шынар Оразова