Кәсіподақ өкілдері Астана даңғылының атауы өзгертілгенін қолдайды

196

Ұлт Көшбасшысы, Елбасы, ҚР Тұңғыш Президенті уақытынан бұрын өкілеттігін тоқтатып, Президенттік лауазымын тапсыруын менде көпшілікпен бірге үлкен толғаныспен қабылдадым.

Нұрсұлтан Назарбаев ұзақты болжайтын көреген саясаткер. Оның басшылығымен қабылданған «Қазақстан – 2030» және «Қазақстан – 2050» стратегиялық жоспарлары жүзеге асып еліміз қарқынды дамып келеді. Дамыған 50 елдің қатарына еніп, алдағы кезде дамыған 30 елдің қатарына ену межесі бойынша үлкен істер атқарылуда. Оның шеңберінде бірнеше мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, олар сәтті іске асты және асырылуда.

Ол кісі ел дамуының негізі ынтымақ пен бірлікте екенін үнемі еске салып отырады және соның арқасында жемісті жетістіктерге жетіп отырмыз.

Жылдар бойы халқына бағыт-бағдар беріп, жарқын болашаққа жетелеген Елбасын халқы әрдайым құрметтейді, сыйлайды, жақсы көреді.

Өткен жылы Оңтүстік Қазақстан облысын екіге бөліп, Шымкент қаласын үшінші мегаполис және Түркістан облысын құрып, олардың дамуының жаңа дәуірін бастап берді.

Елбасының елі үшін жасаған игі істеріне дән ризамыз және «Мәңгілік ел» саясаты бағытындағы жұмыстарын жаңа биліктің және болашақ жастарымыздың қолдайтынына кәміл сенімдіміз.

Ендігі мақсатымыз – ата-бабаларымыз бен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев аманаттаған ұлы Тәуелсіздікті сақтауға қызмет ету болуға тиіс.

Елбасы еліміздің барлық ең жоғарғы марапаттары мен сый-құрметтеріне лайықты.
Қазақстан Республикасы Парламентінің бірлескен отырысында Астана қаласының атауын Нұрсұлтан қаласына өзгерту туралы, Шымкент қаласының атқарушы және өкілді биліктерінің Шымкент қаласындағы Астана даңғылының атауын Нұрсұлтан Назарбаев даңғылына өзгерту туралы қабылдаған шешімдерін қолдаймыз.
Бұл дер кезінде Елбасына көрсетілген құрмет!

Барлыбай Қуандықов

Түркістан облыстық агроөнекәсіптік кешені еңбеккерлері кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің төрағасы