13 наурыз күні сағат 01.00 шамасында Алматы-Ташкент-Термез тас жолының 665 шақырымында жол-көлік оқиғасы тіркелді. «Тойота Камри» автокөлігін басқарған көлік жүргізушісі түр-тұлғасы анықталмаған 30-35 жас шамасындағы азиат нәсілді ер азаматты, яғни жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Аталған жол көлік оқиғасы Түркістан облысы Полиция департаментінің Анықтау басқармасы тергеу өндірісінде СДТБТ-не тіркелді. Ол бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Сондай-ақ, жол-көлік оқиғасы кезінде қайтыс болған ер азаматтың үстінде қара түсті былғары күртеше, спорттық үлгідегі күлгін жейде мен қара шалбар, қара түсті туфли мен басында қара түсті бас киімі болған.
Арнайы белгілері: бойы 170-175 см, орта денелі, шашы қара.
Бұл жол көлік оқиғасы бойынша білген, көрген, естіген куәлар болса, Түркістан облысы ПД-нің кезекші бөліміне 8(725)33 59765, 8(725)33 58574 немесе полицияның 102 нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі