14 бірлік суық қаруға өтемақы берілді

471

Ауыр және орта дене жарақатын салатын қылмыс түрлері заңсыз айналымдағы тіркеуде жоқ атыс қаруларын қолдану арқылы болатыны белгілі. Мұндай қарулар арқылы болатын қылмыс түрлері кейде абайламай қолдану дерегі бойынша болса, кейде қасақана пайдалану жолымен, кейде қорғану үшін қолданылып, соңы қылмыс түрлеріне себепші болып, орны толмас қасіретке қалдырып жатады. Осындай қылмыс орын алмау үшін профилактикалық шара ретінде дер кезінде сәтті жүргізілген акцияның маңызы зор.

Осындай мақсаттағы акция жуырда, 2019 жылдың сәуір айында, Түркістан облыстық Полиция департаментінің Сарыағаш аудандық полиция бөлімінде жүргізілді
.
Қылмыстың көпшілігі заң білмеуден немесе оны жеткілікті түсінбеуден туындап жатады. Сондықтан Сарыағаш аудандық Полиция бөлімінің орынбасары, полиция подполковнигі Е.Шамшаттың тікелей басшылығымен осы салаға қатысты аудандық полиция қызметкерлері профилактикалық шара аясындағы акцияны ұйымдастыруға белсене араласты.

«Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірінің 2015 жылғы 27 Наурыздағы №266 бұйрығымен бекітілген Республика аумағында 2019 жылдың сәуір айының 10-нан бастап халықтан атыс қаруын, оқ дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша ұйымдастырылып жатқаны қалалық баспасөз бен ақпарат құралдарында, жергілікті тұрғындар арасында насихатталып, кеңінен түсіндірді.

Аудан көлемінде жүргізілген осынау акция барысында азаматтардың ішкі істер органдарында тіркеуде жоқ отты атыс қарулары, оқ дәрілер және жарылғыш заттары өз еркімен арызданып тапсырылған жағдайда сыйақы төленетіні кеңінен насихатталуымен қатар тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Акция өткізілген 7 күн ішінде аудандық полиция бөліміне 14 бірлік суық қарулар өткізіліп, өтемақы берілді. Акция барысында аталған қару-жарақ түрлерін өз еркімен тапсырған азаматтардың алдын ала әрекеті басқаларға үлгі боларлық, ал акцияны сәтті өткізуге белсене қатысу-тек қана құқық қорғау органы қызметкерлерінің ғана міндеті емес, қоғамдық орындардың, тұрғындардың да азаматтық борышы демекпіз.

 

QAINAR KÓZТО ПД баспасөз қызметі