Қазақстан президенттігіне ұсынылатын кандидаттар 107 түрлі жүйке дертіне тексеріледі

199

Қазақстанда 9-шы маусымда кезектен тыс президент сайлауы өтеді.

Мемлекет басшысы лауазымына кандидаттарды ұсыну 10 сәуірден басталып, 28 сәуірге дейін созылады. Кандидаттар 11 мамырға дейін тіркелуі тиіс. Орталық сайлау комиссиясы бекіткен ережелерге сәйкес сайлауға түскісі келетін барлық кандидат міндетті медициналық куәландырудан өтеді.

Сайлау 2019

Қазақстан президенттігіне ұсынылатын кандидаттар 107 түрлі жүйке дертіне тексеріледі, деп хабарлады денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева. Министр орынбасарының айтуынша, «жүйке ауруына шалдыққан адамның ойлау жүйесінде, есте сақтау қабілетінде кемістік болады және өзіне де, айналасындағыларға да қауіп төндіруі мүмкін.Диагноз қоюда тұқым қуалау факторы да ескерілуі мүмкін, бірақ диагноз қойғанда дәрігер науқаста байқалған белгілерге сүйенеді», – деп хабарлады вице-министр

Шынар Оразова