Úı ANONS Астанаға қатынайтын автобустардың құжаттары талапқа сай болмай шықты

Астанаға қатынайтын автобустардың құжаттары талапқа сай болмай шықты

фото ТОПД
Жетісай аудандық полиция бөлімі қызметкерлері рейдтік іс-шара барысында Алматы және Астана бағыттарына қатынайтын жолаушылар автобустарын тексерді. Тексеру нәтижесінде бірнеше автобустың құжаттары қолданыстағы талаптарға сәйкес келмейтіні анықталды. Аталған көлік құралдарының жүргізушілеріне қатысты әкімшілік шара көріліп, автобустар арнайы айыптұраққа қойылды.
Бақылау шарасы жолаушылар тасымалы саласындағы заң талаптарының сақталуын қадағалау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталды. Іс-шара аясында жолаушылар қауіпсіздігі мен көлік құралдарының заңдылығы басты назарға алынып, заңсыз тасымалға тосқауыл қоюға басымдық берілді.
Полиция қызметкерлері жолаушылар тасымалы саласындағы талаптардың сақталуы қатаң бақылауда екенін атап өтіп, мұндай профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатынын жеткізді.