Көлік өртеніп кетті

230

Шымкентте  21 сәуірде Дулати көшесі бойындағы «Қазбек» базары алдында жеңіл автокөлік өртенді.  Тілсіз жау «Мерседес-универсал» автокөлігінен тұтанған. Өрт сөндірушілердің хабарлауынша, автокөліктің артқы бөлігі мен салоны толық жанып кеткен. Салондағы құжаттарды да өрт жалмаған көрінеді.

«2019 жылғы 21 сәуірде сағат 11.26-да шұғыл кезекшілердің басқару пультіне өрт туралы хабарлама келіп түскен. Өртке қарсы қызметінің 6 адам жеке құрам және 1 техника өрттін бетін сағат 11.33-те қайтарып, 11.52-де толығымен сөндірген»-деп хабарлайды Шымкент қалалық ТЖД баспасөз қызметі.