Халықты сүлікше сорған қазақстандық банктер ай сайын қарыздық есепті жүргізгені үшін алып келген комиссияны қайтарып жатыр. Бұл биылғы жылдың наурыз айында банктер қызметін реттейтін заңнамаға енгізілген өзгерістер нәтижесінде мүмкін болып отыр.
Бүгін Шымкент қалалық сотында өткен дөңгелек үстелде екінші деңгейлі банктердің қызмет көрсетуіне байланысты комиссия сомасын қайтару жолдары талқыланды. Салаға жауаптылар бұл өзгерістің жабылған несиелерге қатысы жоқтығын қадап айтты.
Қазір тұрғындар комиссиялық төлем үшін банктермен соттасып жатыр. Себебі, қаржылық институттар клиенттерден артық алынған соманы жайдан-жай қайтармайды. Ол үшін тұрғындар міндетті түрде сотқа арызданып, тиісті құжаттарды құнттауы қажет дейді мамандар.
Мақпал Рысбаева