«Түркістан аруы-2019» анықталды

544

«Түркістан​ аруы-2019» байқауының жеңімпазы анықталды. Іріктеу кезеңінде Түркістан облысының барлық аудан-қалаларынан жүзге жуық ару қатысқан. Жүзден жүйрік шыққан 15 бойжеткен Түркістан қаласында «Түркістан аруы-2019» атағын жеңіп алу үшін барын салды.

Шығармашылық, зияткерлік сынды төрт кезең қорытындысы бойынша кентаулық сұлу, 18 жастағы Ақниет Сәдуахасова «Түркістан аруы-2019» атағына лайық деп танылды. Ақниет Қ.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің бірінші курс студенті. Болашақ бастауыш сынып мұғалімі.

Сұлулық пен парасат байқауының бірінші орын жүлдесін Түркістан қаласының намысын қорғаған Мәмеш Жібек жеңіп алды. Екінші орын да түркістандық ару Нұрмаш Шәкірбаеваға бұйырды. Жүлделі үшінші орын Мақтарал ауданының сұлуы Құрбан Жансаяға табысталды. Жансая-мектеп оқушысы болса, басқа жүлдегер сұлулар студент.​