Айнұр Тұрысбек жаңа топтамасын таныстырды

391

Адам өз-өзіне қалай ықпал етеді, басқаның ықпалынан қалай жоғары тұрады? Алматыда Айнұр Тұрысбектің ЫQPAL фэшн-балеті өтті. Танымал дизайнер жаңа киім топтамасын таныстырды. Сонымен қатар, ЫQPAL фэшн-балеті арқылы әрбір адамға басқаның ықпалына ұшырамай, өзі ықпал ете алатынын жеткізді. Айнұр Тұрысбекті құттықтауға тек шоу-бизнес жұлдыздары ғана емес, біздің арна тілшілері де барды.


Айнұр Тұрысбектің неге ықпал ете алатынын көруге жүздеген қонақ келді. Журналистер интервью үшін кезекке тұрды. Танымал қазақстандық дизайнердің жаңа коллекциясын тамашалап және оны құттықтау үшін Алматыға арнайы шоу –бизнес жұлдыздары келген. Fashion-балет ЫQPAL- Көктемнің ең басты сәнді жұмбағы. Айнұр Тұрысбектің киімін тек сахнада ғана емес маңызды кездесулерге де киюге ыңғайлы дейді бизнес-бикеш Алима Шаманова

Алима Шаманова, «Альфа-Банктің» Альфа PRIVATE бөлімшесінің директоры: «Бұл жерде бастысы мөлшерді сақтау, артық кетпеу. Менің ойымша, біздің елде жұмысқа осылай бару қалыпты саналады, керісінше, сен әсер қалдырасың, ықпал етесің. Солай емес пе? Мен өзім осылай киіне аламын. Маған ыңғайлы және ұнайды».

Дизейнердің киім үлгісін киіп подиумға шыққандардың арасында опера әншісі Зарина Алтынбаева да бар. Ал Айнұр кезекті коллекциясының «Ықпал» атану себебін былай түсіндірді.

Айнұр Тұрысбек, дизайнер: «ЫQPAL – яғни ықпал, әсер ету. Біз адмдарды ықпалдан да жоғары, яғни ықпал етуші өзі болғанын қалаймыз. Әр адамның бойында жағымды, жағымсыз тұстары бар, біз соны қара және ақ арқылы көрсеткіміз келді. Жамандық пен жақсылық деген жоқ, біздің оған қалай қарайтынымыз бар. Ал ең бастысы ол- бірқалыптылық».

Көпті тамсандырған fashion-балет ЫQPAL кешіне келушілер ерекше әсер алғаны анық. Есіңізде сақтаңыз, сіз алдымен өзгеге емес өзіңізге ықпал ете біліңіз. Автордың айтпағы да осы.