Úı ANONS 2 келі есірткі Алматыдан Шымкентке таксимен жеткізілген

2 келі есірткі Алматыдан Шымкентке таксимен жеткізілген

Алматыдан Шымкентке есірткі тасымалдаған күдікті ұсталды. Ол 2 келі синтетикалық есірткіні сорғы жабдығының ішіне жасырып, сәлемдеме ретінде қалааралық такси арқылы жіберген.

Тексеру кезінде техника ішінен психотроптық заттар салынған төрт пакет тәркіленді. Бұдан бөлек, ұсталғандардың бірінің тұрғылықты мекенжайынан байланыссыз тәсілмен өткізуге дайындалған синтетикалық есірткі салынған 62 орама табылған. Қазіргі таңда,  аталған факті бойынша іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ВАГИФ ГАСАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПД ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Полиция есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы бағытталған ауқымды іс-шараларды жүйелі түрде жалғастыруда. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері Алматыдан Шымкентке синтетикалық есірткінің ірі партиясын жөнелтуді ұйымдастырған тұлғалардың заңсыз әрекетін әшкереледі. Полицейлер заңсыз заттар мен синтетикалық есірткі заттарын тасымалдау, сату қылмыстық іс болып табылатын ескертеді».

Нұргүл Жолымбетова