Қауысбек Тұрысбеков атындағы қор көп балалы аналарға түскі ас берді

276

Қауысбек Тұрысбеков атындағы қайырымдылық қоры «Атлас» мейрамханасында көпбалалы аналарға арнап түскі ас берді. Жыл сайын дәстүрлі түрде концерттік бағдарлама ұйымдастыратын қор қызметкерлері биылғы жылы ораза ұстаған аналарға құрмет көрсетуді жөн санапты.

Айта кету керек, «Атлас» мейрамханасының жазғы алаңшасының ашылу күні де дәл осы Рамазан айымен тұспа-тұс келген.

Түскі асқа 30-ға жуық 6, 8 және 12 баладан тәрбиелеп отырған көп балалы аналар шақырылды. Перзенттерімен бірге осындай тартуға ие болған аналардың да қуанышында шек жоқ.

Айсұлу Жайлауқызы, көп балалы ана: «Мен 12 баланың анасымын. Бізді бүгін қайырымдылық түскі асқа шақырды. Осындай құрметі үшін Қ. Тұрысбеков қорына және «Атлас» мейрамханасына өте ризамын. Көп балалы аналарға қолдау көрсеткені үшін рахмет! Бізге осындай керемет дастархан жайылды».