Егеуқұйрықтарды жоюға қазынадан 42 млн. теңге бөлінген

222

Шымкенте кеміргіштердің саны кемитін болды. Егеуқұйрықтарға қарсы дәрілеу жұмыстарын жүргізген мердігерлер қала аумағында 54 млн. шаршы метр аумақ дәріленгенін мәлімдеді.

Атжалмандарға арналған дәрілер көпқабатты үй аулаларында орналасқан қоқыс тастайтын алаңдарға, өзен, каналдардың жағалауына және қоқыс полигондарына тасталған. Осы дератизация жұмыстарына қала бюджетінен 42 млн. теңге қаражат қаралыпты.

Сәуір айының 20 жұлдызында басталған шара 12 мамырда аяқталған. Шымкентте кеміргіштерді дәрілеу жұмыстарының қандай нәтиже бергенін бір жетіден кейін байқалады. Ал әзірге мәлім болғаны, егеуқұйрықтар көп шоғырланған ошақтың бірі — Тәуке хан даңғылы бойындағы 9 қабатты үйлердің қоқыс алаңдары дәріленбей қалған. Мамандар бұл келеңсіздікті жоюға уәде берді.

Нұрлан Күдерұлы