КАМАЗ жүргізушісі жарықшам бағанына соқтығысты

232

Шымкентте КАМАЗ жүк көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, көше жарықшамдарын қиратты. Жол-көлік оқиғасы Жібек Жолы мен Айдын көшелерінің қиылысында болған.

Жүк тиелген автокөлік Ақсукенттен Шымкентке қарай келе жатқан. Белгісіз жағдайларға байланысты жүргізуші көлік руліне еге бола алмай қалған.

Ауыр соққыдан жүк көлігі бір жағына ауып кеткен, салдарынан тиелген бетон плиталар көлік кабинасын ортасынан қақ бөлген.