Евро-5 КамАЗ жүк көлігі Шымкентте де сатылуда

647
Евро-5 КамАЗ жүк көлігі Шымкентте де сатылуда

Мерседес бөлшектері бар КамАЗ-ды енді Шымкентте де сатып алуға болады. Ресми дилер жүк техникасын қолжетімді бағамен ұсынуда. Бұған қоса төмен пайызды лизинг те бар.

Евро-5 сапасындағы Камаз 5490 жүк көлігі – алып күштің иесі. Бұл техника қазіргі таңда тек Қазақстан ғана емес, ТМД елдері аумағында да мол сұранысқа ие болып тұр. Камаз Мерседес маркасының қозғалтқышымен жабдықталған. Жүргізушілер мен техниканың тілін білетіндер өз арасында бұл көлікті автопойыз деп те атайды. Себебі, алып техника 23 тонна жүкті алып жүре алады.

Евро-5 КамАЗ жүк көлігі Шымкентте де сатылуда

Мамут Алимов, «КАМАЗ Евро Сервис» ЖШС директоры: «Біз осы уақытқа дейін бірнеше КамАЗ-ды сатып үлгердік. Қолымызда оның бірнеше түрі бар. Мысалы, коммуналды қызметке арналған. Қысқасы, клиентіміз нені қаласа, соны жеткізіп беруге дайынбыз. Міне, қараңызшы, біздің Камазымыздың ерекшелігі – бұл Мерседестің үнемді қозғалтқышы. 428 аттың күші бар Даймлер.»

Техниканы таныстыру тест-драйвсыз өтпейтіні белгілі. Сондықтан біздің түсіру тобы да Камазға мініп, тасжолмен жүріп көрді. Бізге сенсеңіз, жүк көлігінде емес, жанға жайлы мерседесте кетіп бара жатқандай әсер алдық. Жүргізуші кабинасындағы кресло жұмсақ, 2 адамдық жатын орны, тіпті, желдеткіші де бар!

Тест-драйвтан соң Камаз көліктері клиенттерге таныстырыла бастады. Аздаған уақыттың ішінде бір көлік өз иесін де тауып үлгерді. Бұл азаматтың жолы болды дейді «Камаз сервистің» өкілдері. Себебі, 1-15 тамыз аралығында Камаз сатып алған азаматтардың техникасы тегін тексеруден өтеді.

Евро-5 КамАЗ жүк көлігі Шымкентте де сатылуда

Бұған қоса Камазды мұнда мемлекеттік бағдарлама арқылы лизингке алуға да болады. Жеңілдік лизингі төмен пайызбен, 5 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Егер сіз жүк техникасын ресми дилерден ақшасын бөліп төлеп алғыңыз келсе, 40-15-13 телефон нөміріне хабарласыңыз. Немесе Қазығұрт шағынауданы, 102-де 1 ғимаратына келуге болады.