Úı ANONS Шымкентте айып тұрағына қойылған 45 автомашина өртеніп кетті

Шымкентте айып тұрағына қойылған 45 автомашина өртеніп кетті

inform.kz

Шымкентте айып тұрағына қойылған 45 автомашина өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

«15 шілдеде 01.14-те автомобильдерге арналған айып тұрағы  аумағында  «КамАЗ» көлігі өртеніп, салдарынан жалын маңындағы өзге жеңіл машиналарды және оған жақын орналасқан жиһаз чехын шарпыған.  Өрт 02. 13-те ауыздықталып, 03. 05-те толықтай сөндірілді», делінген хабарламада. Өрт салдарынан 35 автомобиль жанып кетті. Ешкім зардап шекпеген. Тілсіз жауды ауыздықтауға 76 өрт сөндіру және 17 арнайы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.