Шымкентте жол апатына түскен «Камаз» жеті көлікті ұшырып жіберді

631

Шымкентте жол апатына түскен «Камаз» жеті көлікті ұшырып жіберді. Оқыс оқиға қаладағы Арғынбеков көшесі мен Бәйдібек би даңғылының қиылысында орын алған. Әсіресе жол апаты кезінде «Джентра» көлігі түгі қалмай қирап, көліктегі азамат ғажап жағдайда аман қалды.

Куәгерлердің айтуынша, жеңіл көліктер Бәйдібек би даңғылындағы бағдаршамда тұрған. Ал, бұл кезде артқы жақта тұрған «Камаз» бір қатарда тұрған көліктерді соғып жібереді.
Куәгер «Жүк көлігі үш жолақта тұрған көліктердің барлығын соғып жіберді. Бірінші «Chevrolet Cruze», одан кейін «Shaolin» автобусын. Кейін «Daewoo Nexia» және «Volkswagen Passat»-ты соқты. Осы кезде соққыдан қашпақ болған қоғамдық көлік жеңіл көлікті соғып жібереді. Ең қатты соққы алған «Джентра».  Жүк көлігі оны бағанаға қарай итеріп жеберді.