Әкім ауыл халқын тазалық шараларына жұмылдырды

364

Төлеби ауданынан Шымкент қаласының құрамына өткен “Текесу” елді мекенінің көшелері жарықтандырылып қоғамдық көлік қатынасы орнады. Әл Фараби ауданы бойынша қала аумағына өткен 8 елді мекен бар.

Аудан басшылығы осы ауылдарды қалаға жақындату үшін тұрғындармен жиі кездесіп, күрмеуі көп мәселелерін шешу жолдарын қарастыруда. “Текесу” елді мекені халқының өтінішімен өткен жылы балалар ойын алаңшасы салынған болатын. Биыл сол алаңшаны арнайы бригада келіп, бұзылған темірлерін дәнекерлеп, өңі кеткен жерін қайта сырлады.

Көше бойындағы ағаш түбі әктеліп, қураған бұталары кесілді. Көктемгі тазалықты аудан әкімінің өзі бақылап, ауыл халқын да жұмылдырды. Бір күндік тазалық жұмысына ауданнан 60 — қа тарта жұмысшы, ауылдың өзінен 40 тұрғын тартылды.

Нұрлан Күдерұлы