Мақтааралда оразада ішімдік сатылмайды

230

Түркістан облысының Мақтаарал ауданының кәсіпкерлері алкогольді ішімдік сатудан бас тартты. Оразада Мақтааралда арақ-шарап сатылмайды.​

Рамазан айында тіпті тойханалар жиын тойды ішімдіксіз өткіземіз деп отыр. Иісі мұсылман қауым үшін қасиетті айда Мақтаарал ауданының кенттері мен ауылдық округтердегі кәсіпкерлер осылай уағдаласты.

Мақталы өлкенің кәсіпкерлері табыс көзінің бір бөлігінен қағылуға қарсы болмағандықтары үшін арнайы марапатқа да ие болды. Имамдар материалдық кірістен гөрі имани бастаманы қолдаған кәсіпкерлерге аудандық “Абдул Аким” орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Бимағамбетовтың алғыс хаттарын табыстады.

«Мұндай бастама алдағы уақытта ауданның барлық ірілі-ұсақты кәсіпкерлерінің арасында жүргізіле беретін болады»-деп мәлімдеді аудандық әкімдіктегілер.

Жанар Есенбекова