Úı ANONS Ішімдік туралы пост айыппұл арқалатуы мүмкін

Ішімдік туралы пост айыппұл арқалатуы мүмкін

Қоғамдық тамақтану орындары әлеуметтік желідегі алкоголь өнімдері бар жазбалары үшін айыппұл арқалай бастады. Тіпті бағасы көрсетілмесе немесе «сатып алыңыз» деп ұсынылмаса да, мұндай посттар «жарнама» деп танылуы мүмкін. Мейрамханалар мен дәмханаларға сусын атауын, брендін көрсететін және ішімдік қойылған сөрелер бейнеленген контентті жүктемеу ұсынылады.

 

Бұған қоса, желіде ұтыс ойындарын өткізуге және ішімдік мәзірін жариялауға тыйым салынады. Бұл ережені бұзу ҚР ӘҚБтК-нің 455-бабы — «Жарнама туралы заңнаманы бұзу» бойынша қарастырылады және кәсіпкерлерге қомақты айыппұл салынуы мүмкін.

 ҚР Қоғамдық тамақтану өзін-өзі реттеу ұйымы

«Мыналарға тыйым салынады: брендтерді көрсетуге, атауларды жазуға, ұтыстар ұйымдастыруға, ішімдік мәзірін жариялауға ❗️ Тіпті фонда тұрған бөтелкенің өзі — үлкен тәуекел. Посттар, стористер, архивтің бәрі тексеріледі. Тым кеш болмай тұрып, аккаунтыңызды тексеріңіз».

 

Әсел Мәлік