Úı ANONS Жасөспірімге ішімдік сатқан дүкен иесі жауапқа тартылды

Жасөспірімге ішімдік сатқан дүкен иесі жауапқа тартылды

фото ТОПД
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Түркістан облысы аумағында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.
Аталған іс-шара шеңберінде Арыс аудандық полиция бөлімінің және аудандық Жастар орталығының қызметкерлері бірлесіп, түнгі уақытта рейдтік жұмыстар ұйымдастырды.
Рейд барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта (сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін) заңды өкілінсіз ойын-сауық орындарында болуына жол берген 1 ойынханаға, 21 жасқа толмаған адамға алкоголь өнімін сатқан дүкен иесі мен түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүрген 15 жасөспірімнің ата-анасына әкімшілік шара көрілді.
❕Мұндай іс-шаралар кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.