Шардаралық зілтемірші жасөспірім күмістен алқа тақты

132

Қостанайдан қуанышты хабар жетті. Қостанай қаласында жасөспірімдер арасындағы зілтеміршілердің ҚР чемпионаты өтіп жатыр.

Спорттық додада Түркістан облысының намысын қорғаған Ерімбет Аружан жүлделі екінші орынға ие болды. Чемпионатта қыздар арасында 37 келі салмақта бақ сынаған шардаралық  Ерімбет Аружан серпе көтеруде 38 келіні бағындырса, жұлқи көтеруде 45 келіні бағындырып жалпы есепте 83 келімен 2 орынға қол жеткізді.

Ерімбет Аружан Түркістан облыстық №4 ОРМБЖСМ де жаттығады.

Жанар Есенбекова