Úı ANONS «Қалың түтін»: Жол қозғалысын бұзғандар 10 күнге қамалды

«Қалың түтін»: Жол қозғалысын бұзғандар 10 күнге қамалды

Шымкентте әсерлі көрініс көрсетпек болып, автокөліктерінен қалың түтін шығарған екі жүргізуші ұсталды. Видео әуелі әлеуметтік желіде тараған. Полиция дерегінше,  Mercedes және ВАЗ-2107 автокөліктерінің жүргізушілері әдейі қалың түтін шығарып, жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндіретін маневрлер жасаған. Олар қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып қана қоймай, жолда авариялық жағдай туғызып, айналасындағыларға құрметсіздік танытқан. Күдіктілер ұсталып, полицияға жеткізілген. Тексере келе жүргізушілердің бірінің көлік құралын басқару құқығы жоқ екені анықталған.

 

«Аталған фактілер бойынша құқық бұзушыларға ұсақ бұзақылық жасағаны, жол қозғалысына қауіп төндіргені және көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сот шешімімен олардың әрқайсысына 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды»

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПРТАМЕНТІ

Дилара Иса