Шымкентте екі шенеунік әдеп нормаларын бұзған

208

Жыл басынан бері Шымкентте қос бірдей шенеунік әдеп нормаларын бұзған. Бұл туралы бүгін әкім аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Мұратжан Ақышев мәлімдеді.

Жыл басынан бері атқарған жұмысын қорытқан уәкіл әдептен асқан мемлекеттік қызметкерлерге сөгіс жариянды дейді. Айтуынша, әдеп талаптарын бұзуға қатысты биыл бас-аяғы 36 шағым түскен. Оның дені жергілікті аудан әкімі аппарат қызметкерлеріне қатысты болып шыққан.

Мұратжан Ақышев, Шымкент қаласы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі: «Екі мемлекеттік қызметкер әлеуметтік желілерге әдеп нормаларына сай келмейтін фотоларын жүктеген.Тиісті шаралар көрілді. Бізге көбінесе қоңыраулар келіп түседі. Біз сол бойынша жұмыс істейміз».

Мақпал Рысбаева