Шымкентте газдан уланған екі адам көз жұмды

276

Шымкентте газдың иісінен үш адам уланып, екеуі көз жұмды. Газ таратушы мекеменің мәліметінше, оқиға 1 мамыр күні кешкі сағат 21:02-де орын алған.

Мекеменің хабарлауынша, “Теріскей” шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінен 1972 жылы туған әйел мен 2000 жылы туған бойжеткеннің мәйіті табылған. Сондай-ақ, 1998 жылы туған жігіт иістен уланып, ауыр халде ауруханаға жеткізілген.

«Оқиға орнына келген газға жауапты мамандар пәтерде су жылыту қондырғысының рұқсатсыз орнатылғанын анықтаған. Су жылытқыштың мұржасы сыртқа емес, қабырғаға қарай орнатылған»,-делінген хабарламада.