Шымкентте құрылыс алаңында қауіпсіздік техникасы жөнінде семинар өтті

405
фото shymkent.gov.kz

Жыл басынан бері Шымкент қаласында еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша 72 тексеру жүргізіліп, онда 67 заң бұзушылық анықталған. Қалада жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбегін қорғау саласында әлі де жұмысты жандандыру керек.

Шымкент қаласының әкімдігі мен «BI Group» құрылыс компаниясы бірге құрылыс алаңдарында еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы жөнінде семинар ұйымдастырды.
Жиында қала әкі

мінің орынбасары Бауыржан Мамыталиев бұл салада атқарар жұмыс көп екенін атап өтті. «Еңбекті қорғау қоғамдағы көп талқыға түсетін мәселелердің біріне айналған. Жалпы еңбек жағдайлары бұл халықтың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішін де айқындайды. Сол себепті жұмыс беруші компаниялар жауапкершілікті күшейткені жөн».

Адамдардың бейқамдығы, қауіпсіздік техникасы ережелерін білмеу және жұмыс берушілер тарапынан да көптен кемшіліктер бар. Құрылыста қауіпті құралдар мен механизмдерді, өте ауыр және өткір металл бұйымдарды пайдаланғандықтан, құрылыс алаңдарында қызметкерлер ең қауіпті жарақаттарға және мертігуге ұшырауда. Осының бәрі әр қызметкерді қауіпсіздік техникасының ережелерін барынша сақтауға міндеттейді. Ал құрылысшыларға өз алаңында тегін семинар ұйымдастырған «BI Group» компаниясына алғысымызды айтамыз, – деді Б. Мамыталиев.

Іс-шараны өткізудегі басты мақсат – өндірістік жарақаттану және кәсіптік дерттердің ауқымы мен салдары туралы ақпараттандыру. Семинарда құрылыс компанияларының өкілдері бір-бірімен тәжірибе алмасты.

QAINAR KÓZШымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі