Шымкенттік ақ халаттылар орталық саябақта қабылдау өткізді

164

Бұл дәрігерге арнайы бара алмай жүргендер үшін жасалған мүмкіндік. Қан қысымын саябақта серуендеп жүргендер мен өтіп бара жатқандар жандар тексертті.

Одан бөлек6 дәрігерлер тұрғындарға кеңес те берді. Арнайы келген мамандардың бірі психолог-нарколог. Айтуынша еліміздің 25 пайыз тұрғыны шылымның зардабын тартып жүр. Тіпті соңғы жылдары жаман әдетке үйір жастардың саны артып кеткен. Ұрпақ денсаулығына қауіп төндіретін зиянды әрекеттің алдын алмаса, мұның салдары кеселге әкеледі дейді нарколог.

Раушан Баймұрынова, психолог-нарколог: «Шылым шегуден арыла алмай жүргендер әдетте бізге келіп кеңес алады. Расында бұл психологиялық тәуелділік. Мойындау керек, біздің кеңесімізден өзге келушінің де алдына қойған мақсаты болуы міндет. Егер шылымнан арылғысы келген жан нақты шешім қабылдамай, мақсатсыз келсе одан ешқандай пайда жоқ».

Назерке Үкібасова