«Өз қан қысымыңды біл!» ұранымен кең көлемді акция өтеді

245
Heart in doctor's hand

Шымкенттік кардиологтар қала тұрғындарын қаладағы саябақта қабылдайды. Дүниежүзілік артериалды гипертониямен күрес күні онкүндігі аясында Шымкент қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен Шымкент қаласында 22 мамыр күні сағат 15:00-18:00 аралығында «Орталық» саябақта «Өз қан қысымыңды біл!» ұранымен кең көлемді акция өтеді.

Акция барысында қала тұрғындары қан қысымын, қандағы қант құрамын және кардиологтың қабылдауынан өте алады.