Жаңа автопарк әлеуметтік бағыттардың мәселесін шешпек

188

“Шымкент Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Рашид Аюпов әлеуметтік парақшасында жағымды жаңалығымен бөлісті.

«Шымкентте 300 жаңа автобус әкелінбек. Оның алғашқылары мамыр айының соңына дейін әкелінеді деп күтілуде. Қазіргі таңда автобустарды қабылдап, жаңа бағыттарға бөлу жұмыстары жүргізілуде.

№14-ші және 44-ші бағыттардың қаладағы халық ең көп мінетін бағыт екендігі анықталды. Су жаңа автобустарды дәл осы бағыттарға қою жағы талқылауда. Сондай-ақ, орталықтан жырақта орналасқан «Тұран», «Асар», «Колос» аумақтарын әлеуметтік бағыттармен қамтамасыз ету де қарастырылуда.

Қазір біз жаңа автобус паркінің құрылысын жүргізіп жатырмыз, мұнда қызмет көрсету орталығы, диспетчерлік қызмет, жанармай бекеті, қызметкерлерге арналған асхана және жатақхана болады. Мен осы әлеуметтік жобаға қатысқаныма өте қуаныштымын. Біз бұл салада әртүрлі мәселелер бар екенін білеміз. Қалалық автопаркті жаңғырту жобасын табысты жүзеге асырғым келеді. Мен осы жоба жайлы үнемі хабарлап отыратын боламын», делінген жазбада