Шымкентте әлеуметтік автобус бағыты іске қосылды

302

Қала әкімінің тапсырмасы бойынша қоғамдық көліктер №142, 143, 144, 146 бағыттарында жұмыс істей бастады.

№142-ші жолаушылар автобусы Текесу шағынауданына, №143 Бадам-2 шағынауданына, №144 «Жыланбұзған», «Айнатас», «Елтай», ал, №146 автобус «Жаңаталап», «Көкбұлақ», «Алтынтөбе» шағынауданыдарына қатынайтын болады», – деп атап өтті қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаев.

Әлеуметтік бағыттардың кестесі – сағат 7.00-ден 21.00-ге дейін. Қозғалыс аралығы 20-30 минут.