Шымкентте әлеуметтік бағыттардың қатары толықты

62

Шаһардың іргесіндегі тұрғын алаптары мен шалғайдағы елдімекендерге қатынайтын әлеуметтік бағыттардың қатары 64- жеткізілді.

Азық түлік бағасын тұрақтандыру, мектептер мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында білім берудің сапасын арттыру сияқты өзекті мәселелер қалалық мәслихатының кезектен тыс 8-ші сессиясында қаралып, олар бойынша шешімдер қабылданды.

Депутаттардың қарауына ұсынылған мәселелердің алғашқысына тоқталсақ, ҚР жергілікті мемлекеттік басқару туралы Заңына енгізілген өзгеріске сәйкес, сессияны енді хатшы жүргізетін болды. Сессияның төрағасы болмайды, тағы бір өзгеріс: сессияда қабылданған шешімдер әділет департаменттерінде тіркелмейді. Бұл дегеніміз жауапкершілік өкілетті органның өзінде болады.

Шаһардағы халық көп шоғырланған «Шымсити», «Қызылжар», «Күншығыс», «Ақжайық», «Самал-3», «Мұнай базасы», «Оңтүстік  шағынаудандарына қатынайтын әлеуметтік бағыттардың қатары толықпақ. «Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік мәні бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» шешім жобасына 7 маршрут енгізу ұсынылды.

Ержан Жолдасов, Шымкент қаласының жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының басшысы: «№9 маршрут «Автонұр» базарынан «Тельманға», «Алаш» базары, «Самал 3», «Шымсити» шағын ауданына қатынайды. 8 автобус қызмет етеді. №37 маршрут теміржолдан  Қырғы базар, «Текстиль», «Гиперхауз», «Самал-3» дейін қатынайды. Маршрутта 14 автобус бар. Бұрын тоқтап қалған №68 бағыты  бойынша  «Газель» орнына  автобус жүреді. Ол Шығыс ш/а,  «Айна», «Қырғы» базар, «Автонұр», Гагарин көшесіне қатынайды. Бұл маршрут бойынша 10  автобус қызмет көрсетеді».

Депутаттар қоғамдық көліктердің кестесі, қызмет көрсету сапасына қоғамдық бақылау жүргізу қажет деп есептейді. Ол топ депутаттар, қоғамдық кеңестің мүшелері, қаланың белсенділерінен жасақталуы тиіс. Осы аталған 7 бағыт бойынша бір-екі ай қадағалау  болса, ары қарай барлығы реттеледі.

Шынар Оразова