Қорадан қой ұрлаймын деп тұтылды

120

Келес ауданының полиция қызметкерлері жергілікті тұрғынның малын ұрлаған жас жігітті қолға түсірді. Жәбір көруші полиция бөліміне белгісіз біреулердің оның мал қорасынан 60 мың теңгелік қойын алып кеткендігі туралы хабарласқан. Аталған жәйт Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабы, «ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.

Қылмысты ашу мақсатында тәртіп сақшылары бірқатар жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, оның ішінде аулаларды тінту және куәгерлерден жауап алу жұмыстарын атқарған. Осындай істердің нәтижесінде полицейлер мал сатып алушының көрсеткен белгілері бойынша бірнеше сағаттың ішінде мал ұрысын қолға түсірді. Ол Келес ауданының тұрғыны болып шықты және қылмысын толық мойындады.

Мал ұрлығы жәйті бойынша жинақталған материалдардың айыптау актсін полицейлер сотқа жолдады. Казіргі кезде шығынның қайтарылуына және екі жақтың келісіміне байланысты сот шешімімен қылмыстық іс қысқартылды.

Сондай-ақ жедел-профилкатикалық іс-шаралар аясында Келес аудандық полициясының жедел іздестіру қызметкерлері көрші ауданның тұрғынына қатысты тонау қылмысын ашты. Полицейлерге Сарыағаш ауданының тұрғыны арызданып, белгісіз біреулердің ұялы телефонын күшпен тартып алғандығы туралы хабарласты.
Аталған жәйт ҚР Қылмыстық Кодексінің 191 — «тонау» бабы бойынша Келес аудандық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 60 мыңды құрады. Жедел ісздестіру іс-шараларының барысында Келес аудандық полиция бөлімдерінің полицейлері тонау әрекетін жасаған күдіктіні құрықтады. Қазіргі күні аталған жәйт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.