Арыстағы темір жол торабы арнайы режимде жұмыс істейді

503

Түркістан облысы Арыс қаласындағы болған төтенше оқиғаға байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ы «Шымкент – Арыс – Темір» және «Сарыағаш – Арыс – Шымкент» жол торабындағы жолаушылардың қауіпсіздігі үшін атқарылған шаралар туралы хабарлайды.

Жедел штаб құрылып, арнайы режимде жұмыс істеуде. 7 ірі стансада- Шымкент, Түркістан, Түлкібас, Тараз, Шу, Шиелі, Қызылода да 20 жолаушылар пойызы тоқтатылып, 8 121 жолаушыға жағдай жасалды. Олар вокзал кешендеріне көшіріліп, ауыз су, тамақпен қамтамасыз етілді. Жолаушылардың талабы бойынша жол жүру ақысы қайтарылады. Аталмыш барша вокзалдарда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, керекті ақпарат таратылуда.

Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыс Әкімдіктерімен біріге отырып қала маңына автокөлікпен 1500 жолаушы тасымалданды. Сондай-ақ, Түркістан –Маңғыстау, Ақтөбе, Саратов және Шымкент-Тараз, Алматы бағыттары бойынша жүретін 2000 жолаушы автокөлікпен Түркістан пен Шымкент арасында тасымалданды.

Және де Қызылорда –Сексеуіл арасында №42 Атырау-Алматы пойызының 430 жолаушысын жеткізу үшін 14 вагон қосымша тіркелді (5 купе, 7 пл, 1 СВ).
Жалпы Тараз, Шымкент, Түркістан арасында 8 мыңнан астам жолаушы автокөлікпен тасымалданды.

Ұлттық тасымалдаушы өз жолаушыларына түсінушілікпен қарағанын жеткізеді. Барша керекті ақпаратты 105 бірыңғай анықтама қызметінен ала аласыздар.