Арыстықтарды Шымкенттегі 15 бекетке орналастырып жатыр

365

Шымкент қаласында Арыс қаласынан эвакуацияланғандарды 15 бекетке қабылдап, жайғастырып жатыр.

Бекеттердің мекенжайы: Зерделі көшесіндегі Ж.Жабаев атындағы гимназия мектебі, С.Алпысбаев көшесіндегі Б. Саттарханов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп,​ Аманжолов көшесіндегі саңырау балаларға арналған мектеп интернаты, Құрманбеков көшесіндегі К.Қасымов атындағы мектеп,​ Тұрлан шағынауданындағы №55-ші жалпы орта мектеп,​ Қазығұрт шағынауданындағы №66-шы мектеп,​ Қызылжар шағынауданындағы​ Хамза атындағы жалпы орта мектебі,​ Ынтымақ шағынауданындағы №54-ші мектеп, Жиделі көшесіндегі №60-шы мектеп,​ Ақтас шағынауданындағы №61-ші мектеп,​ Қатынкөпір мөлтек ауданындағы №56-шы мектеп,​ ​ Мангельдин көшесіндегі А.Байтұрсынов атындағы №50-ші мектеп,​ Ақжар тұрғын алабы Мұратбаев көшесіндегі №122-ші мектеп,​ Назарбеков атындағы №87-ші мектеп, Тұрдалы көшесіндегі Көкбұлақ мектебі.

Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаменті арыстықтардың алғашқы легі келіп жайғастырылғанын хабарлады.​

Жанар Есенбекова