Елордаға 100 тоннаға жуық азық-түлік керуені аттанды

235

Нұр-Сұлтан қаласына Түркістан облысынан 243 тонна ауыл шаруашылық өнімдері жөнелтілді. Жәрмеңкеге аттанған шаруалар астаналықтарға ет, сүт, жеміс – жидек пен көкөністерді ұсынбақ.

Айта кетейік, жерлестеріміздің бұл жәрмеңкесі елордада биыл алғаш өткізілгелі тұрған жоқ. Өңір өнімдері Нұр-Сұлтан тұрғындарын 1-2 маусымда да қуантқан болатын. Балалар күнінен кейін, енді Түркістан диқандары облыстың бір жылдығына орай жолға шықты.

Нұрлан Үсенов елорда тұрғындарын Шардара қарбыздарымен қуантпақ. 10 жылдан бері қарбыз егуді кәсібіне айналдырған диқан бұл жолы елордаға 10 тонна бақша дақылын алып барады. Айтуынша, биыл астық мол болған. Барлығы 50 га жерге еккен егіннің бұл алғашқы өнімдері екен.

Түркістан облысы ауыл шаруышылық басқармасы басшысының айтуынша бұған дейін ел астанасына 400 тоннаға дейін азық-түлік жіберілген. Бұл жолғы өнім одан әлдеқайда аз. 98 тонна көкөніс, 52 тонна ет, 36 тонна бақша, 18 тонна сүт және 17 тонна жеміс жидек жіберіледі. Одан бөлек нұрсұлтандықтар үшін Түркістанның алма шырындары, бал және балық өнімдері бас қаланың бағасынан 10-15 пайызға арзан сатылады.

Нұр-Сұлтан қаласына азық-түлік белдеуін қалыптастыруды түркістандықтар биыл 1 маусымнан бастады. Балалар күнінен кейін екінші рет жолға шыққан жерлестеріміз жәрмеңкені өңірдің 1 жылдығына орай өткізбек. Ал, кейінгі керуендер 27 шілде мен 31 тамызда аттанатын болады.

Назерке Үкібасова