Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары күшейтіліп жатыр. Қала әкімдігінің бастамасымен ірі сауда желілері мен отандық өндірушілер арасында келісімшарттар жасалып, қазіргі таңда 80-ге жуық әлеуметтік сауда нүктесі жұмыс істеуде. Бұл туралы, ресми өкіл Сәрсен Құранбек мәлімдеді.
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, әлеуметтік сауда нүктелерінің санын арттыру бағытында халық тығыз орналасқан аймақтарда бірнеше әлеуметтік дүкендер іске қосылды деді әкім орынбасары. Қазіргі таңда қосымша 10 сауда нүктесі ашылу сатысында екен. Мұндағы мақсат — әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және тұрғындардың азық-түлікке қолжетімділігін арттыру.
Сәрсен Құранбек, қала әкімінің орынбасары: «Халық тығыз орналасқан аймақтарында 14 «Бақша» деп аталатын әлеуметтік сауда дүкендері іске қосылды. Бүгінгі таңда қосымша «Бақша» деп аталатын дүкендерді орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр».
Атап айтқанда, «Грамад» сауда желісінің 22 нүктесі, «Магнум» сауда желісінің 26 нүктесі «Маркет» сауда желісінің 2 нүктесі жұмыс жасап жатыр. Аталған әлеуметтік дүкендерде бірінші қажеттіліктегі азық-түлік өнімдері нарықтағы бағадан төмен белгіленген. Бұл өз кезегінде тұрғындарды қолжетімді бағадағы азық-түлікпен қамтамасыз етіп, әлеуметтік жағдайды жақсартуға септігін тигізбек.
Сәрсен Құранбек, қала әкімінің орынбасары: «Қасқасу-С» ШҚ-ның көкөніс 5 сауда нүктесі «Қасқасу-С» ШҚ-ның «Qaz Et» ету сату павильоны (5 нүкте), енді тағы үш нүктені «Бәйтерек ет» повильоны иемденіп отырғанын айтқым келеді».
Сонымен қатар, апта сайын қаланың алты жерінде азық-түлік жәрмеңкелері ұйымдастырылуда. Бұл жәрмеңкелерде күнделікті тұтынуға қажетті 150 тоннаға жуық өнім нарықтағы бағадан 10-15 пайызға төмен бағада сатылады.
Сәрсен Құранбек, қала әкімінің орынбасары: «Әр аптаның жұма күндері Шымсити шағынауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің алдында өтеді. Сенбі күндері Тұран ауданында 43 көпқабатты тұрғын үйдің қаарама қарсы бетінде. Қажымұқан атындағы орталық стадионның аумағында. «Мың ұсақ түйек» деп аталатын, бұл базардың маңайында орналасқан. Әр апатның жексенбі күндері Жарқынтау автотұрағында».
Айта кетейік, қалада әлеуметтік дүкендер санын арттыру және азық-түлік бағасын тұрақты бақылауда ұстау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатын болады.
Нұргүл Жолымбетова






