Эвакуациялық бекеттер мен туыстарын паналаған арыстықтар үйлеріне оралуда

106
Арыстықтар үйлеріне оралуда

Жергілікті биліктегілер Ақ мешіттің жанынан тұрғындардың көлікке отырып, Арысқа жетуін ұйымдастырып жүр.

Арыстықтар үйлеріне оралуда
Арысқа жаңа көлікпен

Абай ауданы әкімінің айтуынша таңғы бестен 11 аралығында Арысқа 130 көлікпен 10 мыңнан астам тұрғындар жөнелтілді. Туыстарын паналаған тұрғындар қиын – қыстау кезеңде қолдау көрсеткен халыққа алғысын білдірді.

Әсия Ақжігітова, Задария ауылының тұрғыны

Әсия Ақжігітова, Арыс қаласының маңындағы Задария ауылының тұрғыны: «Қуанып жатырмыз, ауылға  кетіп барамыз. Жарылыс  болғанда Шымкентке кіріп келгенде, қалалықтардың бөтелкемен су, кейін жәй беріп, барлық жағдай жасағанына үлкен рахмет. Халқыма рахмет. Алла разы болсын. Жамандық көрмеңіздер. Аман болайық».

Шынар Оразова