Франциялық байкер Шымкентте

121
Тьерри Флойд саяхатшы

Қазақстанға қызығушылық жыл сайын артып келеді. Соның бір дәлелі  саяхатшы Франциядан темір тұлпарымен келіпті. Байкер  Тьерри Флойд  Монғолия, Астраханьмен жүріп Шымкентке бірақ жетіпті.

Шетел азаматы қазақ жерінде қолдау арқасында еш күрделіксіз қатынағанын, халықтың қонақжайлығын атап өтті. Саяхатшыны әр өлкеде туризм орталығының өкілі қарсы алып, тарихи-мәдени орындарды тамашалауына жағдай жасаған.

Тьерри Флойд, саяхатшы: «Қазақстанды көру мен үшін арман еді. Міне, Оңтүстік өңірінде Шымкенттемін. Өте қуаныштымын. Қазақстаннан кейін Украинаға жол жүремін. Жол бойы тұрғындармен кездесіп, олардың салт-дәстүрімен, мәдениетімен танысуға әрекет жасаймын. Әзірше ешқандай қиындық жоқ».

Шынар Оразова